Елорда тұрғыны Әсел Омарова stan.kz-ке хабарласып, осыдан екі жыл бұрын BIZ BIRGEMIZ қорының атынан өзіне Перизат Қайрат шыққанын, әйелге пәтер берілетінін мәлімдеп, үміттендіріп қойғанын жеткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Тіпті, бұл “сыйлық” сертификат түрінде гала концертте ресми түрде табысталған. Дегенмен арада қаншада уақыт өтсе де, желіде баласымен такси жүргізіп танылған автоледи уәде етілген пәтердің кілтін алмаған.
Естеріңізде болса, 2 жыл бұрын бес айлық құндақталған сәбиін ұстап, бір қолымен рульді басқарып, такси қызметін атқарған астаналық әйел желі жұлдызына айналған еді. Оның әрекеті көпті таңғалдырып, желіде қызу талқыға түсті. Қазақстандықтар бірауыздан қолдап, Әсел Омароваға 1,7 миллион теңге жинап беріпті. Осы жағдайдан соң әйелмен Перизат Қайрат байланысқа шығып, үйіне барған. Сол кезде отбасына пәтер сыйлауға уәде еткен, тіпті көптің алдында сертификат табыстаған. Бірақ сол күйі үй берілген жоқ дейді.
“Жамандыққа қимаймын, дегенмен “барды бар, жоқты жоқ” деп айтар сәт келгендей. 2022 жылы қарашада Перизат үйіме келіп, “үй табыстаймыз” деп айтып кеткен еді. Кейін жаңажылдық мерекеге орай үлкен гала концерт болып, сол жерде сертификат ұстатқан. Бірақ үй берілмеді”, – деді астаналық Әсел Омарова.
Әсел Омароваға белгілі бір тұрғын үй комплексінен үй беріледі деп айтылған. Бірақ кейін хабарсыз кетті дейді. Айтуынша, өзі хабарласқан кезде “күнде ертең” деп түрлі сылтаумен Әселді ұзақ күттіріп қойған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Елордада Алматы ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024