Ресейлік арналар сарбаздар Қара теңіздегі Тендеровский мүйісіне десант ретінде түсірілген деседі. Ресейліктер мүйіске Украиана сарбаздары 5 қайықпен шабуыл жасағанын айтады. Ұрыс нәтижесінде төрт қайық жойылғанын алға тартады. Бір қайық ұрыстан шығып, құтылып кеткен. «Қарсыластың шығыны 25 адам» деп мәлімдеді ресейлік әскерилер. Дегенмен кейбір ресейшіл телеграм арналары адам шығынын біршама аз етіп көрсеткен. Шамамен 6 сарбаз мерт болғанын жазып жатқандар бар. Ал оккупациядағы Херсон облысының әкімшілігі украиналықтар PR жасамақ болды деген мәлімдеме таратты.
Алайда Украина қарулы күштері өкілдері оқиғаның мән-жайын толық айтпай отыр. Украиналықтар сарбаздар арнайы тапсырманы орындағанын, бірақ шегіну кезінде тосқауылда қалған топтың бірқатар сарбазы ерлікпен қаза тапқанын мәлімдеді. Одан өзге дерек жоқ.
Oimaqnews
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024