“Трап” жаттығуында Мария Дмитриенко 1 200 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
Азия атқыштар конфедерациясы (ASC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы бірінші орынды иеленді.
olympic.kz хабарлауынша, Эдуард Ещенко “скит” жаттығуында 1629 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап тұр. Әйелдер арасында осы дисциплинада Әсем Орынбай 1 722 ұпаймен азиялық рейтингтің бірінші сатысына шықты. Сонымен қатар Зоя Кравченко 1 130 ұпаймен жетінші орында.
“Трап” жаттығуында Мария Дмитриенко 1 200 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала