Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады.
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. сайты.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады.
Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала