Семейлік әнші 100 ән орындап, Гиннес рекордтар кітабына енуге ниетті
- авторОймақ
- 13 қараша, 2024
- 132
Семейлік дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев толассыз 100 ән орындап Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәнібек Кәрменовтың шәкірті жылдар бойы таңды таңға асырып, қазақ әндерін тоқтамай шырқап жаттыққан. Мәдениет саласының үздігі дәстүрлі ән өнерінің 5 мектебіне енетін шығармаларды түгел жатқа біледі.
“Ата бабамыз ол кезде таңды атырып, тойдың басында отырып ән-жыр айтқан ғой. Сондықтан мен ештеңе ойдан шығарған жоқпын. Мақтанатын ештеңем жоқ. Мен қазақтың кезінде ұмытылып қалған дәстүрін жаңғыртамын. 100 әнді орындау білесіздер, 3 минуттан салғанның өзінде 7 сағат орындалады. Арасында әңгіме құратын болсақ, 10 сағатқа дейін кетіп қалуы мүмкін”, – дейді дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев.
Әнші Гиннесс рекордтар кітабына тіркелуге жолдама ретінде арнайы концерт берді.
Артынша әлемдік рекордтарды тіркейтін ұйымның өкілдігіне өтініш жолдамақ.Осылайша, ұлттық мұраның тізгінін ұстаған талант иесі төл мәдениетіміздің ерекшелігін әлемге насихаттауды көздейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.