Таразда екі әйелді зорлап өлтірген 28 жастағы күдікті ұсталды.
Бірер күн бұрын қала орталығындағы жалдамалы пәтерден екі әйелдің жансыз денесі табылған болатын.
Полицейлер марқұмдардың денесінде зорлық белгілері барын хабарлаған.
"Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде бұрын сотталмаған 28 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үй иесі бұрын жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Оқиғаға дейін полицияға көршілерден осы пәтерге қатысты шағым түспеген", деді Гүлсара Мұхтарқұлова Жамбыл облысы ІІД баспасөз-хатшысы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.