Алматыда полиция жерасты өткелдерінде есірткі жарнамасын салған "суретшілерді" ұстады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әуезов ауданының тәртіп сақшылары жастар түнгі уақытта әрекет еткенін анықтаған. Олар кең көлемді платформалар, көбінесе өткелдердегі бетон қабырғаларға сурет салған. Күдіктілер ұсталып, прокуратураның үйлестіруімен қамауға алынды. Есірткілерді насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Күдіктілердің бірі – 18 жаста, екіншісі – 22 жаста. Екеуі де басқа жақтан келгендер, Алматыда тұрақты жұмысы жоқ. Ұсталғандардың айтуынша, олар "оңай ақша табуды" интернеттен тапқан. Олардың "жұмыс берушілері" міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мәліметінше, жыл басынан бері полицейлер 37 есірткі сатушыны ұстаған. Есірткі сатуды насихаттаған 451 интернет-ресурс бұғатталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Екі әйелді зорлап өлтірген күдікті ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024