Талғарда Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің бастығы делінген "Хутор" бандасының басшысы Хасан Қасымбаев ұсталды.
Деректерге сүйенсек, оның ұсталуы 16 жасар Шерзаттың өлімімен емес, 2021 жылғы қылмысқа байланысты болған.
Полицияның мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша тергеу изоляторына орналастырылды. Ол 2021 жылдың маусымында А есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген және ұрлық жасады деген күдікке ілінді.
Бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала