бейсенбі, 21 қараша, 2024 14:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағандыда 40 бас жылқыны сатпақ болған 2 адам қолға түсті

Қарағандыда 40 бас жылқыны сатпақ болған 2 адам қолға түсті
ашық деректерден алынды
Қарағандыда 40 бас жылқыны сатпақ болған 2 адам қолға түсті
2 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында Қарағанды қаласына кіре берісте орналасқан бекетте тұрған полиция қызмектерлері 57 жастағы азаматтың басқаруындағы КамАЗ автокөлігін тоқтатты. Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат және оның 29 жастағы ұлы болған. Ал көліктен 40 бас жылқы анықталды. Polisia.kz-тің мәліметінше, тексеріс кезінде жылқылардың 57 жастағы азаматқа тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмаған. Олардың жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны белгілі болды. Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан. Соның нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды. Қазіргі уақытта барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар