Ұлытау облысында балық аулауға кетіп, адасқан екі азамат табылды
ТЖМ құтқарушылары адасып қалған балықшыларды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адам Сарысу көлінде балық аулауға барғаны және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ», — делінген хабарламада.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.