Саясат
ҚМА: «Кезби» компаниясы 321 млн теңге жымқырып, 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған
- авторОймақ
- 3 қараша, 2024
- 143
ҚМА: «Кезби» компаниясы 321 млн теңге жымқырып, 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Кезби» компаниясын қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
«ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген хабарламада.
Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілініп отыр.
«2021 жылы «Кезби» ЖШС «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған. 2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген ҚМА хабарламасында.
ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тектіліктің ең маңыздысы – ең қиын жағдайда адамгершілікті сақтай білу – Нұртөре Жүсіп
- авторОймақ
- 4 желтоқсан, 2024