Deutsche Welle таратқан мәліметтерге қарағанда Гермаиня әскери теңіз күштерінің Hessen фрегаты хуситтер жіберген екі дронды атып түсірген. Сөйтіп бундесвер Қызыл теңізде йемендік хуситтерге қарсы операцияларға ресми түрде қатыса бастады. Осылайша Қызыл теңіздегі сауда жолдарын қорғауға кірісті.
24 ақпанда Германия парламенті бундесверге Еуропа одағының сауда жолдарын қорғауға арналған Aspides миссиясына қатысуға мандат берген еді. Осы мандатқа сәйкес Германия қарулы күштері миссияға 700 әскери қызметші қатыстыруға рұқсат алған болатын. Ал бортында 240 әскери қызметшісі бар Hessen фрегаты операция өткізілетін ауданға жіберілген еді. Арада үш күн өткенде фрегат алғашқы шабуылға тойтарыс берді.
Oimaqnews
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024