жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда балалар кептеліп қалған мектептің директоры жұмыстан босатылды

Алматыда балалар кептеліп қалған мектептің директоры жұмыстан босатылды
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің біріндегі оқушылар кептелісі түсірілген видео жарияланды. Бұл жайтқа білім басқармасы түсініктеме беріп, мектеп басшылығына қандай шара қолданылғанын айтты.

"Алматы мектебінде киім-кешек бөлмесіне бара жатқан жолда бастауыш сынып оқушылары кептеліп қалды. Кейбірі қабырғаға, енді бірі еденге жаншылып қалған", - делінген видео сипаттамасында.

Алматы қаласының білім басқармасы бұл жағдай №41 мектепте болғанын хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты – 870 орын. Басқарма өкілдері бұл жағдай 27 ақпанда болғанын мәлімдеді.

"Екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар көп жиналды. Мұның себебі – сол күні оқушылардың киіну процесі дұрыс ұйымдастырылмауы. Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай байқалған емес. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқу процесін ұйымдастыруда бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылды", - делінген басқарма хабарламасында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар