Еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан отандастарына алғыс айтты.
20 жастағы спортшы карьерасында үш санат бойынша әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін былтыр ересектер арасында, биыл тамыз айында 20 жасқа дейінгілер арасында, енді, міне, 23 жасқа дейінгілер арасында әлем біріншілігінде топ жарды.
"Мақсатымды орындадым деп ойлаймын. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада ойындары бар. Сол жарыстарға дайындалып, бар күш-жігерімді саламын. Осымен тоқтап қалмай, Қазақ елін әлі де қуантамын деп ойлаймын, - деді Ризабек Айтмұхан финалдағы жеңісінен кейін.
Ал әлеуметтік желіде спортшы жанкүйерлерін рахметін айтты.
"Құттықтап жатқан еліме мың алғыс! Алла разы болсын! Алға, Қазақстан", - деп жазды ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.