Түркияда болған терактіден қаза болғандар мен жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар жоқ
- авторОймақ
- 24 қазан, 2024
- 130
Сыртқы істер министрлігі Анкарада болған теракт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғына қатысты ақпарат таратты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркияда болған терактіден қаза болғандар мен жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Бұдан бұрын Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая шабуыл жасаған екі адам өлтірілгенін хабарлаған болатын. Билік өкілдерінің мәліметінше, қаскөйлер жарылғыш затты нысанда іске қосып, оқ атқан. Деректерге сәйкес, терактан 5 адам қаза тауып, 22 адам зардап шеккен, олардың 19-ы ауруханада, екеуінің жағдайы ауыр. Қазіргі кезде үш адам ауруханадан шығарылған.
Еске салайық, теракт сәрсенбіде түрік аэроғарыш компаниясының нысаны – Анкарадағы TUSAŞ зауыты аумағында болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.