"Қатемді кешіріңдер": Мұқағалиға тіл тигізген блогер желіге қайта оралды
- авторОймақ
- 23 қазан, 2024
- 132
Ол бұған дейін қарасаздықтардың талабымен әлеуметтік желідегі парақшасын жауып қойған еді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Блогер жеке парақшасына ақын Қайнар Алагөзовтың өлеңін жариялады.
Қатемді кешіріңдер,
Тербеткен бесігімді ел.
Ертеңге сабақ болар,
Ескіріп осы күндер
Өкпені өшіріңдер.
Сөз беремін,
Мен енді өзгеремін,
Отаным жоқ
Өзіңнен өзге менің.
Еске салсақ, бұдан бұрын желіде танымал рилсмейкер, блогер Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген еді. Оның видеосы желіде үлкен резонанс тудырып, сынға қалған.
Кейін блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болды.
Сөйтіп ол ақынның ескерткіші алдында тізерлеп кешірім сұрады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.