Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтті. 12 раундқа жоспарланған кездесу 9 раундта уақытынан бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы екі чемпиондық титулын (WBO, IBF) қорғады.
Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі 22 жекпе-жегін өткізді. Бұл оның алғашқы жеңілісі. Қазір ол Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.