жұма, 22 қараша, 2024 8:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұртөре Жүсіп, сенатор: Балалар тәрбиесіне бейқам қарамау керек

Нұртөре Жүсіп, сенатор: Балалар тәрбиесіне бейқам қарамау керек
Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында ел өміріндегі өзекті мәселелерді атап өтті.

-Былтыр менің төрағалығыммен өткен еліміздіңәлеуметтік-экономикалық дамуына арналғанкеңейтілген кеңеске көптеген депутаттар қатысты. Мұндай жиын алдағы уақытта да өтіп тұрады. Себебі реформаларды өңірлерде іске асырудамәслихаттардың орны айрықша. Мәслихаттардыңмемлекеттік және қоғамдық міндеттерді жүзегеасыруға етене араласуы, өздері түрлі бастамакөтеруі маңызды», - деді Президент.

Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарыныңайрықша сенім мандаты иесі екенін қадап айтты.

«Тұрғындар сіздерді жақсы біледі. Ой-пікірінөздеріңізге тікелей жеткізеді. Мәселесін шешугекөмектеседі деп үміт артады. Осы жауапкершіліктітерең сезініп, халыққа адал қызмет ету керек. Әлемдегі ахуалды көріп отырсыздар. Ең бастысы, еліміз тыныш, жұртымыз аман. Әрине, түрліқиындықтар кездесуі мүмкін. Бірақ татулық пен келісім болса, біз оның бәрін міндетті түрдееңсереміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ашық аспан астындағы бейбітөмір — ең басты байлық екенін еске салды. Шын мәнінде әлемде соғыс өрті тұтанып, жан-жағымыз отқа оранып жатқанда бейбіт Қазақстандағы өмірдің мәнін дұрыс сезінген абзал.

Алқалы жиында Президент балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау — мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы екенін айтып өтті.

-Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы болсын, уәкілетті органдардың бәрі өз қызметін мүлтіксіз орындап, жұмысын үйлестіруі керек. Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін және солай болып қала беретінін түсінген жөн. Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады. Ұрпақтыңцифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалдыәлемге шектен тыс құмартуы нағыз дерткеайналды. Балаларға қатысты кез келген қайғылыжағдай менің жаныма батады. Мемлекеттікоргандардың назарын дереу осындай жағдайларғааударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуынтұрақты бақылауымда ұстаймын», — деді.

Президент бұл мәселеге көбірек тоқталды.Заманауи технологиялар дамуға даңғыл жолашатынын, сондай-ақ өмірімізге айтарлықтай қауіпте төндіретінін жеткізді. Танымал әлеуметтікжелілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін.

-Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекеткенемесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіптіболмайды. Балаларына цифрлық гигиенаныңқарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесумаңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаңқадағалау қажет, - деді.

Балалар мен жасөспірімдер арасында ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттауды тапсырды. Бұл да өте керек нәрсе.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар