сейсенбі, 5 қараша, 2024 19:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Айлық неге қысқарды: мұғалімдердің жанайғайы

Айлық неге қысқарды: мұғалімдердің жанайғайы
фото: скрин
Мұғалімдердің талабы – ауылдық статусты сақтап, 25 пайыз үстемақыны қайтару

Алматы облысының жаңадан құрылған Алатау қаласында айлығы қысқарып қалған мектеп мұғалімдері көшеге шығып, Президентке үндеу жолдады. Жетіген ауылы қалаға айналғаннан кейін ұстаздардың ауылдық мәртебесі жоғалып, жалақыларынан 25% үстемақыны қиып тастаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Көшеге шыққан мұғалімдердің талабы – ауылдық статусты сақтап, 25 пайыз үстемақыны қайтару.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлына, депутат Дәулет Мұқаевқа, Асхат Аймағамбетовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа үндеу жолдаймыз. Біз, яғни жаңадан құрылған Алатау қаласының мұғалімдері, 17 мектептің  ұстаздары бүгінгі таңда қыркүйек айының жалақысынан 25 пайыз үстемақымыздан айырылып отырмыз. Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз. Неге? Өйткені біздің қала болып тұрған ештеңеміз жоқ. Бұрын қандай ауылда тұрсақ, қазір сол ауылда тұрып жатырмыз. Ешқандай өзгеріс жоқ. Он жыл бұрын Жетіген қандай болды, қазір де дәл сондай. Сол себепті бізге бес жылға дейін ауылдық статусымызды қалдыруларыңызды сұраймыз», - деп мәлімдеді митингке шыққан мұғалімдердің бірі.

Ал №3 орта мектептің ұстазы жуырда Мұғалімдер күніне орай өткен концертте қала әкімі бүкіл халықтың алдында 25 пайыздық үстемақы сақталатынына сендіргенін айтты.

«Бұл сонда не, алдау ма? Қандай негізбен қысқартып отыр? Меніңше, ең алдымен қандай да бір қаулы, бұйрық шығуы керек. Мұның бәрі заң бойынша болуы керек. Қала әкімі үстемақы сақталады дейді, ал бухгалтерлер қысқартылады дейді. Бізді алдап отыр. Біз қатты ашулымыз. Мектепте кішкентай балалар отырған жоқ қой, еңбек өтілі мол мұғалімдер қызмет етеді», - деп ашынды ол.

Айта кетейік, биыл қаңтардан бастап Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласы болып құрылған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар