жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әйелін тұншықтырып өлтіріп, көлге тастаған: қылмыскер ұсталды

Әйелін тұншықтырып өлтіріп, көлге тастаған: қылмыскер ұсталды
Фото: polisia.kz
15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

2009 жылы Павлодар полициясына ер адам әйелінің  жоғалып кеткенін айтып хабарласқан. Айтуынша, әйелі досына кетіп, қайтып оралмаған. Полицейлер іздестіру барысында Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлерін бағдарлап, ол жақта жоғалған адам туралы хабар таратқан. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды.

Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растап, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды.

Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда әйелді тұншықтырып өлтіріп, содан кейін оның денесін суға тастаған.

"Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазір қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар