жұма, 22 қараша, 2024 15:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәжіліс депутаты Аймағамбетов сынып жетекшілеріне бөлек штат ашу керек екенін айтты

Мәжіліс депутаты Аймағамбетов сынып жетекшілеріне бөлек штат ашу керек екенін айтты
Фото: parlam.kz
Мұғалімдердің мәртебесін көтеретін  Заң қабылдағанда біз үстемеақыны екі есе көбейттік.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов сынып жетекшілеріне бөлек штат ашу керек деген пікірде. Бұл туралы ол Qaz365.kz сайтына айтып берген. 

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласының мамандарымен кездесуде сынып жетекшілеріне қатысты жақсы жаңалықты бөліскен еді. Ол жиындағы сөйлеген сөзінде сынып жетекшілікке төленетін үстемеақының үш есе өсетінін және Президент келіскенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта сынып жетекшісінің айлығына қосылатын үстемеақы 10 мың теңге болса, енді 30 мың теңгеге көтерілмек.

Алайда Асхат Аймағамбетов мектепте сынып жетекшілік жеке штат болу керек деп есептейді. 

«Мұғалімдердің мәртебесін көтеретін  Заң қабылдағанда біз үстемеақыны екі есе көбейттік. Бізде қосымша жоспар болған. Сол жоспармен жұмыс істегенбіз. Біздің идеямыз былай болған. Бұл сынып жетекшілерді бөлек штат ретінде енгізіп, олар тәрбиемен айналысатындықтан бөлек жалақы төлеу керек. Мысалы, НЗМ-де, шетелдегі біраз мектептерде сондай жүйе бар. Сондықтан оған біз тіпті қаражатты да санап көргенбіз», - дейді депутат.

Аймағамбетовтың сөзінше, өзі бұрын министр болған кезде 100 млрд-тан астам қаржы керектігін есептеп шығарған. Оны Қаржы министрлігіне, Үкіметке ұсынған. 

«Менің ойымша, бұл шешім - өте қажет шешім. Біз қазіргі уақытта клас жетекшілікті мұғалімдердің күнделікті жұмысынан бөліп алып, оған нақты сынып жетекшілікпен айналысатын бөлек штат беруіміз керек. Міне, осы біздің жоспарымызда болған. Бірақ өз уақытымызда бұл мәселені шешуге үлгермедік. Тіпті, бюджет ішінде де бұл мәселені шешуге ұсыныс бергенбіз. Осы бағытта жұмыс істеп жатыр едік. Сондықтан бұл жұмысты ары қарай жалғастырып, соңына дейін жеткізу керек», - дейді экс-министр Аймағамбетов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар