«Түркітілдес елдердің цифрлық кітапханасын құру» туралы іс-шараның пікірі бекітілді
- авторОймақ
- 25 қыркүйек, 2024
- 93
Осы тапсырманың негізінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сыртқы істерминистрлігі, Ғылым және жоғары білімминистрлігімен келісу арқылы «Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құру» іс-шараларының жоспарын (Жол картасын) бекітті.
Жол картасы аясында түркі мемлекеттерінің ортақ жазба мұрасын зерттеу және насихаттау көзделген.
Бүгінде Жол картасы аясында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Еліміздің сирек қорларының саны мен мазмұнын анықтау және сақталуын қамтамасыз етумақсатында кітапхана, музей, жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда сақталған құнды қолжазбалар мен сирек кітаптардың бірыңғай реестрі құрылды.
Сонымен қатар, түркі халықтарының жалпы жазуытақырыбы бойынша жұмыстар жүргізу мен салалық қорытындылар жасау үшін Жол картасынкеліскен министрліктердің, Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Ұлттық академиялық кітапхана мен Ұлттық архив мамандарынан
жұмыс тобы жасақталған еді. Цифрлық кітапханаға енгізілетін құжаттарды зерттеу, іріктеу, саралаубойынша Министрліктің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті аталмыш жұмыс тобымен отырысөткізіп, проблемалық мәселелерін талқылады. Отырыста «Мәдени мұра», «Халық тарихтолқынында», Архив -2025» жобалары аясында шетелдерден әкелінген тарихи-мәдени құжаттар мен қолжазбаларды, сирек кітаптарды, материалдардызерттеу, ғылыми баға беру туралы сарапшылартобы құрылып, жұмыс ережесі бекітілді.
Бүгінде Қазақстан Ұлттық электрондыкітапханасының www.kazneb.kz платформасында«Түркітілдес елдердің кітапханасы» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Жобаның серіктестері: АликулОсманов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасы, САХА Республикасының Ұлттық кітапханасы (Якутия), М.Ф. Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасы, Молдова Республикасының АТБ Гагуз атындағы облыстық кітапханасы, Ахмед Заки Валидиатындағы Башқұртстан Республикасы, Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, өзбек әдебиеті порталы. Барлық кітапханаларменынтымақтастық, соның ішінде кітап және цифрлық жинақтармен алмасу туралы меморандумдаржасалды. «Түркітілдес елдер кітапханасының»қоры 9906 құжатты құрайды.
2023-2024 жылдары Өзбекстан Республикасының Орталық Азияны зерттеу халықаралық институтымен 122 электронды көшірме, Түрік тарихы мен мәдениеті қорымен (Тürktav) 138 электронды көшірме беріліп, Түркіменстан Ғылым академиясы Мақтымқұлы атындағы тіл, әдебиет және ұлттық қолжазбалар институтыменынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бүгінгі таңда жасалған меморандум аясындаавтоматтандырылған негізде ақпараттық кітапханалық жүйесіне барлығы 550 құжат салынған. Сондай-ақ, Анкараның «TÜRKTAV» қорынан 25 000-ға жуық құжаттардың Е-көшірмелері алынды, алдағы уақытта барлық құжаттар www.kazneb.kz ұлттық электрондыкітапхана порталына жүктеліп, оқырманға ұсынылмақ.
«Түркітілдес елдердің цифрлық кітапханасы» ресурсы ашық, жоба осы платформадағы бар құжаттармен іске асырылып отыр. Халықаралық кеңістікте қолжетімді болуы үшін автоматтандырылған жүйеде арнайы модуль құрастыру, сарапшылардан өткен құжаттарды жүктейтін мамандардың жұмысы әлі де талқылану үстінде.
Болашағы маңызды мәдениеттің кез келгенсаласындағы түркі халықтарының интеграциялық үрдістерін қолдау, ата-бабадан келе жатқан мәдени дәстүрлерімізді болашаққа жеткізетін мәдени көпір «Түркітілдес елдердің цифрлық кітапханасы» болмақ.
Қай заманда болсын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Әлем бойынша түркі халықтарының саны 200 миллион болса, оның 30 миллионға жуығы – жастарды құрайды. Аталған және негізі қаланған цифрлық кітапхананың болашағы түркі дүниетанымына негізделген және өміршең боларыда сөзсіз.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.