Әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған оқиғаның видеосы тарады. Онда кішкентай бүлдіршіннің балабақшада ересек адамнан соққы алғаны айтылады. Баланың ата-анасы құзырлы органдарға шағымданғануға мәжбүр болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Видеодан ересек әйел балаға дөрекілік танытып жатқаны көрінеді. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Оқиға 21 ақпанда Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшада болғаны анықталды. Бір жарым жастағы баласының бетіндегі қызарған дақтарды байқаған анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап шыққан.
Түркістан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбиеші балаға қол көтермеген, тек жұлқылаған.
«Баланың бетінде қызарған белгіні байқаған ата-ана балабақшаның бейнебақылау камерасын қарап, баланы соқпағаны, алайда жұлқылағаны белгілі болды. Ата-ана бұл бойынша құзырлы органдарға шағымданды. Тәрбиеші өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды», - делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
«Отбасы мен мұғалім – табыстың кілті!» атты аудандық іс-шара өтті
- авторОймақ
- 2 желтоқсан, 2024