дүйсенбі, 14 қазан, 2024 22:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарда тұрғын үй секторындағы өрттен алты адам ажал құшты

Павлодарда тұрғын үй секторындағы өрттен алты адам ажал құшты
Фото: ашық дереккөз
Павлодар облысында өткен жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында 77 өрт тіркеліп, алты адам көз жұмған. Тағы он азамат жарақат алған.

Сараптамаға сәйкес облыста болатын өрттердің 80%-ы жекеменшік тұрғын үй аумағында тіркеледі. Ал басым бөлігі жылыту маусымында болады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтың айтуынша, өткен жылыту маусымында салыстырмалы кезеңге қарағанда оқыс оқиғалар 34%-ке азайған. Келтіріген шығын көлемі 14 млн теңгеге жуықтаған.

Облыста жылыту маумымы басталмай жатып, улы газдан уланудың бір оқиғасы тіркелді. Салдарынан екі бала зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Бұған көмірмен жағылатын пешті пайдалану ережелерін бұзу себеп. Нақтырақ айтқанда, пештің мұржасы тазаланбаған. Жалпы, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ішімдікке мойынсұнған отбасыларда орын алады. Өрт қауіпсіздігін сақтамау мен электр құралдарын монтаждау ережелерін бұзу да негізгі себептердің қатарында, - дейді Қайрат Шаймарденов.

Жылыту маусымы кезеңінде профилактикалық шаралар күшейтіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтар арнайы есепке алынады. Бүгінгі күні салалық мекеменің есебінде 1200-ден астам жер үй тұр. Бұл баспаналарда үш мыңнан астам адам тұрады. Ал департамент мен демеушілердің көмегімен улы газды анықтайтын 300-ге жуық датчик зейнеткерлер мен жағдайы қиын жанұялардың үйлеріне орнатылды.

Мамандардың айтуынша, түтінді бірден анықтайтын құралдарды әр азамат жеке қауіпсіздігі үшін сатып алып, орната алады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар