Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
– Ол Қызылордада университетте оқыған. Сол жерде әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған.
Аягөзде оны екі жылға қызметке шақырған еді. Бір сағат бұрын суыт хабар келді. Асылып қалған дейді. Командирдің орынбасары солай айтты. Бұл жақта күмән туады. Кеше ғана барған адам қалайша асылып қалады? – дейді әскери қызметкердің жездесі Дархан.
10810 әскери бөлімі Абай облысы Аягөз қаласында орналасқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.