жұма, 20 қыркүйек, 2024 5:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны атанды

Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны атанды
фото: ашық дереккөз
Бұған дейін бұл қызметті 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов атқарған болатын.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны ауысты.

2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018) Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны атанды. 

Бұған дейін бұл қызметті 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов атқарған болатын.

Айта кетейік, Айбек Оралбай Париж Олимпиадасында өнер көрсетті. Ол 92 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берген болатын. 

Кейін белгілі болғандай, Париж Олимпиадасынан соң Айбек +92 келі салмаққа ауысты. Алдағы Азия чемпионатына боксшы аса ауыр салмақта қатысуы мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар