жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгін ауа-райы құбылып тұр

Бүгін ауа-райы құбылып тұр
фото: ашық дереккөз
«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда жеті облыста дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда жеті облыста дауылды ескерту жариялады. 

Синоптиктердің айтуынша, дауыл соғып, тұман түседі. 

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік, шығысында және Көкшетауда тұман болады.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында және Алматыда кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, бұрқасын болады. Сонымен қатар облыстың солтүстік, батысында, таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Шымкентте 26 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 26 ақпанда күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлда қар жауып, көктайғақ болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар