Астанада «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аясында тоғызқұмалақтан финалдық кезең өтті.
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды. Әйелдер арасында: Мөлдір Серікқызы алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде алды.
Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов алтын медаль, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.