жұма, 22 қараша, 2024 8:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әкім орынбасарлары ішімдікпен ұсталған ба – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі пікір білдірді

Әкім орынбасарлары ішімдікпен ұсталған ба – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  пікір білдірді
фото: скрин
Департамент видеоға түсіп қалған мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөнін көрсетпеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты видеоға пікір білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тұрғыны түсірген видео пайда болған еді. Ол кезде кадрларда бірнеше ер адамның жұмыс уақытында мекемелердің бірінде үстел басында отырғаны көрсетілген. Әйелдің айтуынша, жазбада Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің екі орынбасары мен Алматы облысы депутаттарының бірі түсірілген.

Жария болғаннан кейін іске Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері араласқан. Олар аудан әкімдігі қызметкерлерінің әрекеті мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарын бұзу ретінде қарастырылғанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" талаптарын бұзғаны үшін Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты тәртіптік іс қозғалды және қызметтік тергеулер жүргізіліп жатыр. Нәтижелер Жетісу облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қаралады", – деп хабарлады облыстың Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті.

Бұл ретте департамент видеоға түсіп қалған мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөнін көрсетпеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар