Маңғыстауда мектепте балалар жаппай уланған – тексеру басталды
- авторОймақ
- 9 қыркүйек, 2024
- 158
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының №8 мектебінде балалардың жаппай улануы салдарынан бүкіл ел бойынша тексерулер жүргізіледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі Ulysmedia.kz сауалына орай ауылда, оқиға орнында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының жаппай улануына байланысты бүкіл ел бойынша тексерулер жүргізілетіні белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 қыркүйегінде Бесшоқы ауылының №8 мектебінде балалар жаппай уланып, 1-4 сынып оқушылары зардап шеккені белгілі болды.
Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін Маңғыстау облысының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөліміне хабарлама жіберілді.
Келесі күні, 8 қыркүйекте дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
Екі баланың реанимацияда екендігі хабарланды. Жаппай улану фактісі бойынша «Абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Ұқсас жаңалықтар
Лиза Пылаеваны қасақана өлтірді деген үш күдіктіні сот түгел ақтап шықты
- авторОймақ
- 11 қазан, 2024