сенбі, 9 қараша, 2024 10:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Бір сағат бойы аяусыз ұрып-соққан": әпкесі күдіктілер жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін деп қорқады

"Бір сағат бойы аяусыз ұрып-соққан": әпкесі күдіктілер жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін деп қорқады
Фото: скриншот
Сыдық Нұржанды Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Қопа ауылында 10 және 11 сынып оқушылары аяусыз ұрып өлтірген.

Ақтөбе облысының Қопа ауылында қаза болған 14 жастағы оқушының әпкесі күдіктілер жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін деп қорқады. Оның айтуынша, 

 інісі Сыдық Нұржанды Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Қопа ауылында 10 және 11 сынып оқушылары аяусыз ұрып өлтірген.

"Оны(авт. інісін) 15-ке жуық оқушы жабылып сабаған. Бір сағат бойы аяусыз ұрып-соққан. Кейін барлығы оқиға орнынан ізін суытқан. Ол(авт. інісі) айдалада жалғыз қалып, азаптан өлді. Мұрны мен құлағынан көп қан кеткен. Өмірлік маңызды органдарына соққы тікелей әсер етті", – деді ол.

Марқұм оқушының әпкесі күдіктілер жазасыз қалуы мүмкін, тіпті, сот процесіне қатыспайды деп қорқақтайды.

“Менің білуімше, ұрып-соққан кейбір оқушы Қопа мектебіндегі оқытушылардың балалары, сонымен қатар Темір ауданының құқық қорғау органдарында байланыстары бар”, - дейді ол.

Сондай-ақ, жәбірленуші інісі Нұржан он бес жасқа толуына бір ай қалғанда қыршынынан қиылғанын айтып қынжылады.

"Қазаның орны толмайды, Нұржан бір айдан кейін 15 жасқа толар еді. Ол математик болуды және Астанаға оқуға түсуді армандады. Бірақ қазір ол біздің қасымызда жоқ, арманы да аяқ асты қалды", – дейді жасөспірімнің әпкесі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар