сенбі, 7 желтоқсан, 2024 7:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ұлы дала жорығы" басталды

"Ұлы дала жорығы" басталды
Ботай қонысы 5 мың жыл бұрын жылқы қолға алғаш үйретілген орын.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Бастау алған Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі 3-7 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай мәдениетінің кіндігі болған мекеннен елордасы Астанада мәресіне жетеді.

Дүбірлі додада қазақстандық 9 командадан бөлек, Түркия, Венгрия, Оңтүстік Африка Республикасы, Иран, Қырғызстан, Ресей (Қабардин-Балқар, Татарстан, Қарашай-Черкесс Республикасы, Башқортостан) командаларының шабондаздары бақ сынайтын болады.

Айта кетер болсақ, Қазақстаннан Адай, Әулиеата, Найман, Жетісу арғымағы, Қостанай, Көшім жылқыларын ауыздықтаған командалар жолға шықты.

Жорыққа қатысатын командалар арасында жүйріктерді тізгіндеген 22 қыз бала бар.

Қазақстаннан 2 қыздар командасы Маңғыстау мен Ақмола облыстарынан жасақталып отыр. 

Ал Оңтүстік Африка Республикасынан қатысатын 5 адамның төртеуі – қыз.

Қабардин-Балқар Республикасы командасының төрт шабандозы да бұрымдылар болып отыр. 

Сондай-ақ Қарашай-Черкесс командасының үшеуі қыздар екені белгілі болды. 

Жалпы, марафон-бәйгеге алдын ала мәлімет бойынша, 20 команда қатысуы тиіс еді. Бірақ жарыс жолына 17 команда шықты.

– Біз осындай ерекше әрі ауқымды істі бастап, оған қолдау көрсеткен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтамыз. Дүбірлі дода еліміздің мәдениеті мен дәстүрін әлемге танытары сөзсіз. Мұндай жобаға әлем елдерінен келіп ат қосып отырғаны ерекше әсер беруде. Бұл Отандық туризмнің дамуына үлкен серпін берері сөзсіз, - деді "AMANAT" партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев. 

Сонымен қатар Ержан Жылқыбаев "AMANAT" партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлының арнайы құттықтау сөзін, ыстық ықыласын жеткізді. 

Марафон маршруты Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Ботай мекенінен басталып, Астана қаласында аяқталады. 

Жол ұзақтығы 500 шақырым. 

Шабандоздарға әр 50 шақырым сайын арнайы бекітілген жерлерге жеткен шақта ат суытып, дем алуға 2 сағат уақыт беріледі.

Ботай қонысы 5 мың жыл бұрын жылқы қолға алғаш үйретілген орын. Ат бәйгесі марафонының дәл осы мекеннен бастау алғаны да бекер емес. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар