сенбі, 7 желтоқсан, 2024 6:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы дүкендеріндегі мерзімі өткен тауарларды құрт жеп жатыр

Алматы дүкендеріндегі мерзімі өткен тауарларды құрт жеп жатыр
фото: скрин
«Время истекло» дүкендердің бассыздығы мен салғырттығына көз жұмбай, мерзімі өткен тауарларды сатып алмауға және олардың тез арада көзін жоюды талап етуге шақырады

 

Дүкен сөрелерінде мерзімі өткен өнімдер, өкінішке қарай, жиі кездеседі. Сатып алушы бүлінген өнімдерді байқаса, оны мәселе деп санамай,  сөредегі орындарына қайта қояды. Жарамсыз тауар туралы айтуға, тіпті бұл туралы тиісті органдарға хабарлауға көбісінің батылы бара бермейді. Мұндай өнімдерге мән бермегенімен,  ол тұтынушылардың  денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

Жаңа адамдардың «Время истекло» азаматтық науқаны дүкендерде мерзімі өткен тауарларды сататындармен күрес бастады. Сондай дүкендердің бірі – Қарасай батыр көшесі, 119 к1 мекен-жайында орналасқан алматылық «Наурыз маркеті».  Белсенділер бүлінген өнімдерді бір арбаға жинады. Бұл дүкеннің жарамдылық мерзімі өткен тауарларды бірінші рет сатуы емес. Алғашқы сынақтан кейін сауда орын иелері жағдайды түзетуге уәде берген болатын. Қайта тексергенде  олардың сөзінде тұрмағанын байқаған.  Шіріген шұжық, көгерген нан, қышқыл сүт өнімдері – мұның бәрі назар аудармайтын тұтынушыларынкүтіп, «Наурыз» маркеті сөрелерінен орнын тапқан.

Көгерген тамақтың бәрі құрттың жемтігіне айналған.  «Время истекло» дүкендердің бассыздығы мен салғырттығына көз жұмбай, мерзімі өткен тауарларды сатып алмауға және олардың тез арада көзін жоюды талап етуге шақырады.

«Время истекло» жобасының белсендісі Бекарыс Шамен:

«Сіздерге ыңғайлы болу үшін біз тұтынуға жарамсыз азық-түлік өнімдерін сататын дүкендерге жапсырмалар дайындадық. Сауда орнында жарамасыз өнімге тап болсаңыз, құқық бұзушының мекен-жайын хабарлаңыз. «Время истекло» дүкенді тексеріп, қауіпті азық-түлік өнімдерінің сатылымнан алынуын немесе жойылуын қамтамасыз етеді. Мерзімі өткен тауар – қалыпты жағдай емес! Біз қалған-құтқанды, мерзімі өткен өнімді тұтатын құрт емеспіз,  адами болмысымызды сақтайық!».

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар