Бүгін Гүлмира Сатыбалды сот отырысына тікелей тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Алайда процесс басталар алдында сотталушы судья Мартпек Кәкімжановтан сот жарыссөзін оның қатысуынсыз өткізуді сұрады, өйткені ол қайтадан ауырып қалғанын айтады.
Судья Кәкімжанов Сатыбалдыдан шыдам танытып, жарыссөз аяқталғаннан кейін соңғы сөз сөйлеуін сұрағанына қарамастан, сотталушы одан бас тартты. Ол өзінің адвокаттарының ұстанымын барлық жағынан қолдайтынын айтты.
Осыны ескере отырып, сот айыптау мен жәбірленуші жағын тыңдай бастады.
26 тамызда өткен сотта Гүлмира Сатыбалды аллергиясы қозып, ауырып қалғанын айтқан еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.