жұма, 22 қараша, 2024 14:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ербаян Мұхтарды туыстары Германияда емдеткісі келеді

Ербаян Мұхтарды туыстары Германияда емдеткісі келеді
Фото: instagram.com/erbayan2024
Жақын арада оның туыстары Германия елшілігіне барып, қабылдауға өтініш беруді жоспарлап отыр.

Әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алып, ауыр халде жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарды туыстары Германияда емдетуді жоспарлап отыр.

Қазақстан халқы сарбаздың еміне қаражат жинап жатыр. Белгілі болғандай, бүгінде 227 млн теңге жиналған. 

Енді сарбаз ЭКГ, жүрек эхо-кардиографиясы және өкпе рентгені сияқты медициналық тексерістерден өтеді. Ербаян ұзақ уақыт арқасымен жатыр. Бұл қан тамырларына ауырлық түсіреді. Сондықтан дәрігерлер өкпеде тоқыраулы пневмонияның бар-жоғын анықтауы керек. Бұл туралы Ербаянның Instagram парақшасында жазылған.

Сонымен қатар Ербаян ұзақ сапарға дайын болуы керек. Жақын арада оның туыстары Германия елшілігіне барып, қабылдауға өтініш беруді жоспарлап отыр. Ербаянның ата-анасы жақын арада паспорт жасатпақшы. 

Әзірге Ербаянның медициналық құжаттары ағылшын тіліне аударылмаған. Алайда әлемдегі бірнеше клиникаға, соның ішінде Германиядағы клиникаларға да жіберілген. Жақындары жауап күтіп отыр. Емдеу ақысы әлі белгісіз. Себебі клиника әлі таңдалмаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар