Әлеуметтік желіде Яцинь Чжоудың мейрамханада қонақтарға қызмет көрсетіп жүрген видеосы тарады. Париж Олимпиадасынан кейін 18 жастағы Яцинь Чжоу туған қаласы Хэнъянға оралып, ата-анасының шағын мейрамханасында даяшы болып көмектесіп жүр. Сондай-ақ Яцинь Чжоу Париж Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілген италиялық спортшылардың медаль тістегеніне қарап ерекше реакция білдіргені көпшілікті тәнті еткен болатын. Айта кетейік, Яцинь Чжоу бөрене снарядында 14.100 ұпай жинап, күміс жүлде еншілеген. Ал осы сайыста италиялық Аличе Д’Амато 14.366 ұпай жинақтап, Олимпиада чемпионы атанса, екінші италиялық спортшы Манила Эспозито (14.000) қола жүлдеге қол жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.