жұма, 20 қыркүйек, 2024 9:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ален Делон 50-ге жуық итінің жанына жерленеді

Ален Делон 50-ге жуық итінің жанына жерленеді
сурет: Michel Ginfray
Менің бар өмірім сол жерде, иттерімнің қабірлерінде

Француз актері Ален Делон 50-ге жуық итінің жанына жерленеді, мұны ол көзі тірісінде өсиет еткен, деп жазды decripto.org.

Француз киносының аңызы Ален Делон 88 жасында өмірден өтті. 

Ален Делон өзінің иттерге деген ықыласын ешқашан жасырмаған, тіпті өзін Душидегі резиденциясында иттерімен бірге жерлегенін қалайтынын айтқан еді. Өйткені иттері өзін шынайы әрі шартсыз жақсы көрген жалғыз тіршілік иелері екенін айтқан.

«Менің бар өмірім сол жерде, иттерімнің қабірлерінде», – деп айтқан ол бір сұхбатында.

Делонның резиденциясында шамамен 50 ит мәңгілік тыныштық тапқан, әрбірінің өз есімі мен құлпытасы бар. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар