жұма, 22 қараша, 2024 4:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рейс кешіксе, әуекомпания басшысына айыппұл салынады – Қарабаев

Рейс кешіксе, әуекомпания басшысына айыппұл салынады – Қарабаев
istockphoto.com
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы 20 жыл жөнделмеген.

Үкіметте өткен брифингте ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев рейстердің кешігу себептерін атады.

Соңғы үш жылда әуе жолаушыларының саны 20%-ға артқан. Сәйкесінше әуежай инфрақұрылымын соған лайықтап даярлау қажет. Қазір елдің 6 әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қыркүйек айының соңында аяқталмақ.

«Инфрақұрылымды дайындау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жаз мезгілінде жүргізіледі. Өкінішке қарай маусым қысқа. Бұның бәрі ұшақтардың ұшуына, кешігуіне әсер етеді»,  – деді Қарабаев.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы 20 жыл жөнделмеген. Кешкі 22:00-ден таңғы 06:00 дейін ұшу-қону жолағы жабылады. Сондықтан әуежайға күндіз жүктеме артады. Одан бөлек ауа-райы да рейстердің кешігуіне әсер етеді.

«Әуежайлардың жауапкершілігі заңда қарастырылмаған. Қазір рейстердің кешіккені үшін әуе компаниясына айыппұл салынса, енді жаңа механизм бойынша олардың бірінші басшыларына айыппұл салынатын болады»-деді министр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар