Эталондық бақылау банкі порталында Қазақстанның Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітуі туралы құжат жобасы орналастырылған.
«2024 жылғы 23 сәуірде Бангкокта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін», - делінген құжатта.
Үкімет қаулысы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Бір тарап мемлекет азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын, күнтізбелік 180 күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады», - деп түсіндірілген жобада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Рейсі кешіккен жолаушылар жанжал шығарған
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024