жұма, 22 қараша, 2024 14:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыру – маңызды міндет – Нұртөре Жүсіп

Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыру – маңызды міндет – Нұртөре Жүсіп
фото: Сенат
Ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімді болуы, лайықты жұмыс орындарын құру және табыс деңгейін арттыру бағыттары да маңызды міндеттердің қатарында

 

 

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Теке ауылының тұрғындарымен кездесті. Онда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, заманауи мектеп салу және интернетке қолжетімділік мәселелері талқыланды.

Сенатор өз сөзінде өңірлерді дамытуға, әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіруге, өмір сүру сапасын арттыруға және азаматтар мен олардың отбасыларының мүдделерін қорғауға арналған заңдардың маңызы туралы айтты. Сондай-ақ ол өзекті мәселелерді талқылап, оларға қатысты пікір білдіруге мүмкіндік беретін алаңдар құру арқылы мемлекет маңызды әлеуметтік шешімдер қабылдау ісіне азаматтарды белсенді жұмылдыруға үлкен көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірлерді дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үнемі баса мән беріп келеді. Бұл ретте Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының қабылдануы маңызды қадам болғаны анық. Оның басты мақсаты – жергілікті жерлерде инфрақұрылымды дамыту, сапалы қызмет көрсету, басқару ісіне тұрғындарды тарту арқылы ауылда өмір сүруге жайлы жағдай жасау. Таза ауыз суға, жоғары жылдамдықты интернетке, инженерлік және көлік жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп, инфрақұрылымның сапасын жақсартумен бірге өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика қалыптастыру мәселесі де басты назарда. Ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімді болуы, лайықты жұмыс орындарын құру және табыс деңгейін арттыру бағыттары да маңызды міндеттердің қатарында», – деді Нұртөре Жүсіп.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары Мемлекет басшысының өңірлерді дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған бастамаларына қолдау білдірді. Сондай-ақ олар «Ауыл – ел бесігі» сияқты бағдарламалардың іске асырылуы салаға тың серпін бергеніне назар аударып, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырудың берері мол екенін айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар