жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда екі студент қызды жатақхананың маңынан алып қашпақ болған

Алматыда екі студент қызды жатақхананың маңынан алып қашпақ болған
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда екі студент қыз алып қашудың құрбаны болғанын айтты.

5 тамызда белгісіз жігіттер Алматыдағы Абай университетінің екі студентін жатақхананың сыртында көлікке отырғызып алмақ болған. Сөздерінше, оларды Сарыағашқа келін етіп алғысы келген. Бірақ қыздар қашып құтылыпты, десе де телефонын сындырып, жарақат алып қалған.

“Қыздар айғайлап, көмек сұрап, ақыры қашып құтыла алды. Бір қыздың телефоны бұзылып қалды. Cол кезде біреуінің аяғы шығып кеткен, ал екінші қыздың қолы жарақаттанған. Қыздар полиция шақырып, бұл жігіттер ұсталды”, – деп жазды “Немолчи” қоры.

Алматы полициясы бұл факті бойынша Медеу аудандық ішкі істер бөлімі тексеріс жүргізгенін хабарлады.

"Тергеу барысында олар өздерінің таныстарына қатысты шара қолданбауды сұрап, оларға қатысты талап-арызы жоқ екенін мәлімдеді", – деп қосты полиция.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар