Биыл Өзбекстаннан Қазақстанда өмір сүруге келгендер саны – 4838 адам, ал 65 адам, керісінше, кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 54% жоғары.
Көбінесе оларр Маңғыстау (27%) және Алматы (25%) облыстарына қоныстанған. Көшіп келгендердің 71%-ы немесе 3371 адам – қазақтар.
“Маңғыстау, Алматы облыстары қандастар қоныстанатын аймаққа жатпаса да, көпшілік сол жерге келуді жөн санайды. Демек Өзбекстаннан келушілердің күрт артуы “қандас” мәртебесін беруге байланысты емес деп болжауға болады”, – деп жазады DataHub.
Ал жалпы көші-қон сальдосы да оң болып шықты – 7289 адам. Өзбекстанның үлесі – 65%. Бірақ Ресейден келетіндер саны биыл азайған. Былтыр 1877 адам болса, биыл – 821.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.