жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Олимпиаданың басты дауына айналған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды

Олимпиаданың басты дауына айналған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды
Фото: ХОК баспасөз қызметі
Олимпиаданың басты дауына айналған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды

 Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды.

66 келдіде әйелдер боксынан Алжир боксшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында Қытай боксшысы Янг Луиді төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Иман Хелифтің жекпе-жектері әлемдік БАҚ-та қызу талқыға түсті. Оны «трансгендер» болуы мүмкін екендігі туралы жазғандар қарасы өте көп болды. Тіпті, онымен бірінші айналымда сынға түскен Италия өкілі Анжела Карини алғашқы раундта-ақ кездесуді тоқтатып, ер адаммен жұдырықтаспайтынын айтқаны жанкүйерлер есінде. Бірақ, ол қаншама кедергілерге қарамастан Париж Олимпиада ойындарының чемпионы атағына қол жеткізді.

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар