"45 градус ыстық болады": Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
- авторОймақ
- 7 тамыз, 2024
- 259
Қазгидромет Қазақстан бойынша 08-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болжамға сәйкес, 8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.
“Найзағай түсіп, қатты жел соғып, бұршақ жауады. 8-9 тамызда батыста қарқынды жаңбыр жауады. Ал 8-10 тамыз аралығында солтүстік - батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста жаңбыр жауады. Жалпы ел бойынша жел күшейеді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С өте қатты ыстық болады. Ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.