жұма, 22 қараша, 2024 21:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кариб теңізінің Колумбия жағалауында 20 мигрант мінген қайық суға батып кеткен

Кариб теңізінің Колумбия жағалауында 20 мигрант мінген қайық суға батып кеткен
фото: ашық дереккөз
Қайықта болған бір адам қаза тауып, төрт адам іс-түссіз жоғалған, 15 адам құтқарылды.

Кариб теңізінің Колумбия жағалауында 20 мигрант мінген қайық суға батып кеткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.  Қайықта Қазақстан азаматтары да болған. Бұл туралы Voice of America (“Америка дауысы”) сайты AFP агенттігіне сілтеме жасап, хабарлады. Қайықта болған бір адам қаза тауып, төрт адам іс-түссіз жоғалған, 15 адам құтқарылды.

AFP ақпаратынша, құтқарылғандардың алтауы – бала. Екі бала – Қазақстаннан, үшеуі – Венесуэладан, бір баланың азаматтығы әлі анықталмады.

 Ал құтқарылған ересектер арасында Қазақстан, Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Венесуэла азаматтары бар деп хабарлады колумбиялық әскери журналистер.

 Мигранттан мінген қайық Никарагуаның шығысына қарай орналасқан Сан-Андрес және Провиденсия аралының маңында суға батқан. Колумбия әскерилері әскери-теңіз флотының жедел қимыл бөлімі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

 Мамырда Вашингтон “заңсыз мигранттардың АҚШ-қа өтуіне көмектеседі” деп Нигарагуаға санкция салған еді. Ал Колумбия билігі мигранттар АҚШ-қа бет алғанда Колумбия мен Панамадағы қауіпті джунглилерді айналып өту үшін көбіне Сан-Андрес және Никарагуа арқылы жүретінін айтады.

 Кейінгі уақытта Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа Мексика, Колумбия, Панама, Никарагуа арқылы заңсыз баратын мигранттар саны артқан. Былтыр Өзбекстаннан 17 мың адам, Қырғызстаннан 7 мың адам, Тәжікстаннан 3 мың адам, Қазақстаннан 2,7 мың адам, Түркіменстаннан екі мыңдай адам Америкаға заңсыз өткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар