жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан спортшылары 80 лицензия жеңіп алды

Қазақстан спортшылары  80 лицензия жеңіп алды
Фото: olympics.com
Ең көп жолдаманы татами шеберлері жеңіп алды.

 26 шілде күні Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады.

Естеріңізде болса, Қазақстан спортшылары бүгінгі күнге дейін 25 спорт түрінен 80 лицензия жеңіп алды.

Нақтырақ айтқанда, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.

Жекелеген спорт түрлері бойынша қазақстандық боксшылар ең көп жолдаманы жеңіп алды.

Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда (7 боксшы), ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы жалпы 10 боксшы сынға түседі.

Одан кейінгі ең көп жолдаманы татами шеберлері жеңіп алды. Онда ерлер 5 салмақта, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттеріміз (7 спортшы) тұр.

Өкінішке қарай, биылғы Париж Олимпиадасына ауыр атлеттеріміз бен әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз жолдамаға қол жеткізе алмады.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар