сенбі, 7 желтоқсан, 2024 6:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу шараларын талқылады

Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу шараларын талқылады
ҚР Парламенті Сенаты
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов «Орталық Азиядағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу пионерлері (SDG Pioneers)» конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсіміне қатысты. Оны БҰҰ-ның Қазақстан мен Орталық Азиядағы жаһандық шарты ұйымдастырған болатын.

Сенатор Рүстемов мемлекеттің билік буындарын трансформациялау арқылы елімізде жүзеге асырып жатқан реформалары туралы сарапшыларымен және ұйымдастырушыларымен әңгіме барысында айтып берді. Онда елімізбасшылығының әлеуметтік-экономикалық өмірдіжақсарту мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау саласында қабылдап жатқан стратегиялық маңызды шешімдері туралы да айтылды.

«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелерінің жұмысына белсенді қатысып келе жатқаны баршаға белгілі. Бұл ынтымақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласы бойынша стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету, орнықты дамудың негізін жасау, әлем қоғамдастығының мүшелері арасындағы қатынастарды үйлестіру – осы қызметтің басты міндеттері болып табылады. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөнінде бірқатар негізгі міндеттерді белгілеген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 20 маусымда ОДМ-ға қол жеткізудегі пәрменді тетіктерді зерделеу және бірлесе әзірлеу мақсатында ҚР орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру барысын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссия құрылды. Парламенттік комиссия құрылған сәттен бастап 6 отырыс өткізді, онда денсаулық сақтау және білім беру, таза ауа, балама энергетика және жасыл технология, су ресурстары мен санитарияны ұтымды пайдалану мәселелері қаралды.Сондай-ақ бизнес қауымдастығына ESG-қағидаттарын енгізу мәселелері бойынша отырыс өтті», - деді сенатор.

Депутат сарапшылармен пікірсайыс барысында орнықты даму мақсаттарын іске асыруда, атап айтқанда жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы проблемаларға мониторингжүргізу және зерделеу үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізу мәселесіне жеке тоқталды.

Сенатор Рүстемов шара қорытындысы бойынша Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру барысын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның атынан ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді. Сондай-ақ қатысушыларға «Орталық Азиядағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу пионерлері (SDG Pioneers)» жеңіс марапаты мен сыйлықтарын табыс етті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар