жұма, 22 қараша, 2024 22:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жазған хаттарды жариялады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жазған хаттарды жариялады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Екінші хатта сүйікті жарына тілегін арнаған.

 

ҚР Халық әншісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің бұрын жазған хаттарын жариялады.

Жазбадан бұл хаттар 2002 жылдың желтоқсан айында, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жазылғанын байқауға болады. Қоғам қайраткері жұбайы мен қызына жылы лебізін білдірген. 

«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, аса қымбатты да қадірлі қызымыз Мерей! Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті де бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар мамаң – Мақпал, папаң – Заманбек», - деп жазылған хатта. 

Ал екінші хатта сүйікті жарына тілегін арнаған. 

«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, ең сүйкімді де сүйікті қызым Мерейдің ең сұлу, ең көркем мамасы Жануля! Періште тәрізді, нәзік мінезді, тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік. Өзіңізді пәк сүйетін, азды-көпті жұмсақ аялайтын, Құдай қосқан жарыңыз Закуша», - деп жазған Заманбек Нұрқаділов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар