жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қысқы Азия ойындары қай қалада өтеді?

Қысқы Азия ойындары қай қалада өтеді?
Фото: gov.kz
Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Сары құрлықтың келесі ақ Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.

Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді.  IX бәсекенің ұраны:«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. 

Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар