бейсенбі, 21 қараша, 2024 13:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда

Су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда
фото: ашық дереккөз
Эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Елімізде су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты. 

67 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. Эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіледі. 

Су тасқынынан зардап шеккендердің жалғыз баспанасы саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысы су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды.

Бағалау қорытындысы бойынша, 9 306 үй жөндеуге жатқызылды, 8 190 үй қалпына келтірілмейтіні анықталды, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ үлгілік жоба бойынша 2 576 үй салу жоспарлануда.

Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет.

Қазіргі уақытта тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 40 млрд теңгеге өтемақы 6 176 отбасына берілді. 3 414 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алды. 

Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 2,5 мың жаңа үйдің құрылысы басталды. 

  24 маусымдағы жағдай бойынша, 33 321 отбасы 12 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. 

Бұл жұмыс Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында және Абай, Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Төлемдер Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында жалғасуда. 

Қосымша шаралар  

Зардап шеккен тұрғындарға 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жоғалған қажетті заттарды сатып алу үшін қосымша өтемақы төленеді. 15 355 отбасы 7,6 млрд теңгеге өтемақы алды. 

Суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

Зардап шеккен бизнестің шығынын өтеу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 833 млн теңгеден асатын 124 өтінімін қарап, мақұлдады. 

Әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша, 797 ШОБ субъектісі 24,1 млрд теңге сомасында зардап шеккен. Осы объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізіледі, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.  

Инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 48,7 млрд теңгеге бағаланды. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік объектілерді жөндеуге бағытталады. Бүгінде  39,8 млрд теңгеге жобалар дайындалды. Құжаттама Қаржы министрлігіне келіп түсуіне қарай Үкімет басқа жобалар бойынша шешім қабылдайтын болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар